Еңбек кодексінің талаптары жұмысшы адамның проблемаларынан алшақ – Кәсіподақтар федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің Кәсіподақтар федерациясы Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, қайта қарауды ұсынды.

Сыбайлас жемқорлық
Фото: ҚазАқпарат

«Еңбек кодексі толық қайта өңдеуді қажет етеді. Себебі 2015 жылы қабылданған Еңбек кодексі жұмысшы адамның проблемаларынан алшақ, тек бизнес пен жұмыс берушіні қорғайды. Біздің олигархтар кезінде Президентке жүгініп, Еңбек кодексі кәсіпорындарды дамытуға мүмкіндік бермейді, елімізге инвестиция әкелмейді деген сылтаумен өздеріне ыңғайлап алған. Инвестиция тарту үшін осы еңбек кодексі қабылданды. Еңбекті қорғауға қатысты алдымен жалақыны индекстеу қажет екенін атап өткім келеді», - деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев еңбек құқығы мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында.

Бүгін елордада «Еңбек құқығының өзекті мәселелері. Еңбек құқықтары және оларды қорғау: заң және практика» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Парламент депутаттары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Соңғы жаңалықтар