Еңбек көші-қоны мәселелері жөніндегі заңнама жетілдіріледі

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
None
None
Заң жобасы еңбекші көшіп келушілерді заңдастыруға және көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған. Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Заң жобасында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде төлем жасау туралы өзгеріс енгізу туралы ереже бар. Сондай-ақ, егерде, еңбекші көшіп-қонушы жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы сомасының алдын ала төлемінен асып кеткен жағдайда салық комитетіне жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыруы қарастырылған. Сонымен қатар, уәкілетті орган еңбекші көшіп-қонушы ретінде бекіткен мерзім мен сипаты бойынша рұқсат берілген салық төлеушінің тұрағы туралы мәліметтерді салық қызметтері органдарына беруге ішкі істер органдары міндеттеліп отыр. Одан басқа, Еңбек кодексіне: ішкі істер органдары беретін рұқсат алғанға дейін еңбекші көшіп-қонушылармен еңбек шартын жасауды доғару; - еңбекші көшіп-қонушымен еңбек шартын жасау мерзімі оған рұқсат етілген уақыттан аспауы тиіс екендігі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. Сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» заң да өзгеріске ұшырады, онда жойылған ережелер: көшіп-қонушы оралмандар квотасы (бұл ретте Үкімет оралмандарды қоныстандыру үшін аймақтарды белгілейді); оралмандарға қоныстандырылған аймаққа байланысты теңдестірілген бірыңғай жәрдемақы төлеу; оралмандарға тұрғын үй сатып алу үшін қаржы бөлу; - еңбекші көшіп-қонушылардың келуі және болу жағдайы және еңбекші көшіп-қонушыға рұқсат беру тәртібі қосымша ережелермен толықтырылатын болады. Сонымен бірге ішкі істер органдары еңбекші көшіп-қонушыға: - Қазақстан Республикасының аумағында оның болуы заңды екенін айғақтайтын құжаттарын көрсеткенде; - рұқсат алуға жазылған өтініште көрсетілген мерзімге жеке табыс салығын алдын ала төлем жасағанда сол өтініште көрсетілген (бір, екі немесе үш айға, бірақ он екі айдан көп емес) мерзімге беріледі. Заң жобасы бірінші оқылымда қарауға Палатаға жіберілді.
Соңғы жаңалықтар