«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 430 мың адам қатысып жатыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 8 айында 430 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды.
None
None

Ол арқылы 279,8 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 146,7 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлайды ҚР Еңбк және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 159,8 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Оның ішінде 17 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 26 мың адам жастар тәжірибесіне, 116 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында биылғы жылдың 1 қыркүйегіне жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден 4 386 адам, яғни 1 273 отбасы қоныс аударды.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына 13,6 мың адам жіберілді, оның ішінде 1,4 мың адам оқуды аяқтап, 484 адам жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 30,4 млрд теңге сомасына 6 984 микрокредит берілді, оның ішінде ауыл кәсіпкерлеріне 25,9 млрд теңгеге 3 687 микрокредит берілді. Микрокредит алушылар 7 382 жұмыс орнын ашты.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында микрокредиттеуді 2020 жылға дейін қаржыландыру көлемі 52,6 млрд теңгені құрайды, оның 82,3%-ы (43,3 млрд теңге) ауылдық жерлерге және 17,7%-ы (9,3 млрд теңге) қалаларға келеді.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 38 мыңнан астам мемлекеттік грант беріледі. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 20 мыңнан аса грант бөлініп үлгерді.

Бұдан тыс, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 30 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар