Еңбек министрі Жамбыл облысының қант зауытындағы митинг туралы пікір білдірді

Еңбек министрі Жамбыл облысының қант зауытындағы митинг туралы пікір білдірді
Фото: agroinfo.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Жамбыл облысындағы қант зауыты ресейлік инвесторларын айлық қарызын жабуға міндеттеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

«Біз мәселеден хабардармыз. Әкімдікпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Жұмысшылар акционерлік қоғам басшыларына наразылық білдірген. Жалақы берушілердің өздері жабады», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында.

Ведомство басшысы кәсіпорынға айлық қарызын жабу үшін уақыт беріліп отырғанын айтты.

«Біз уақыт бердік, егер мәселе шешілмесе, әкімшілік шара қолданамыз», - деді Светлана Жақыпова.

Соңғы жаңалықтар