Еңбек министрі биыл қанша жұмыс орны ашылатынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 600 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Айта кетейік, Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, сондай-ақ өзге де мемлекеттік-салалық бағдарламалар аясында тек биылдың өзінде 571 мың жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Бұл осы санатта еңбекпен қамтудың міндетті шаралары. Бірінші кезекте біз жұмыссыздар немесе өнімсіз жұмыспен қамтылғандар үшін жағдай жасауға күш салдық», - деді министр Мәжілісте тілшілердің сауалына жауап  беру кезінде.

Осы орайда ол жұмысшылардың отбасыларымен бірге көші-қонуына, баспананы жалдауға төленетін субсидия түріндегі мемлекеттік қолдауға қоса, тағы бір көмектің жаңа түрі қарастырылғанын жеткізді. Бұл тұрғыда жұмыс берушіге субсидия ұсынылады.

«Оның көлемі 1 млн теңге шамасында. Егер де жұмыс беруші еңбек күші артық өңірден жұмыскерлер тапшы аймаққа ауысатын адамдарды қызметке алса, онда оған аталған субсидия беріледі. Бұл тұрғыда ол қаржыны бағдарламаға қатысқан адамныңжұмысқа  орналасуына толықтай жұмсауы керек», - деді ведомство басшысы.

Оның пайымынша, мемлекеттік бағдарламалар елдегі білікті мамандарды сақтап қалуға мүмкіндік беретін болады.

«Мамандардың кетудің тиісті деңгейін байқап отырмыз, алайда жалпы Қазақстанда көші-қонның оңтайлы сальдосы сақталуда. Бұл қалыпты процесс. Сондықтан еліміздегі бағдарламалар сапалы жұмыс орындарын құру үшін жүзеге асырылып жатыр», - деді Әбілқасымова.

Соңғы жаңалықтар