Еңбек министрі электрондық биржаның мүмкіндіктерін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте өткен жұмыспен қамту мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Электрондық еңбек биржасының жаңа мүмкіндіктерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.     

Еңбек министрі электрондық биржаның мүмкіндіктерін атады

«Еңбек нарығында азаматтардың ұтқырлығын арттыру және оларды тұрақты жұмыспен қамту үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын кең ауқымды жаңғырту жүргізілді. Екі нақты жоба іске асырылды. Бірінші жоба - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген Электрондық еңбек биржасы. Биржа - бұл еліміздегі алғашқы цифрлық алаң және вакансиялар мен түйіндемелердің ең ірі банкі. Оған 200 жұмыспен қамту орталығының барлығы, 48 жеке агенттік, 4 бұқаралық ақпарат құралы, 6 онлайн-алаң қосылды. Бүгінде биржада 48 мың вакансия мен 77  мың түйіндеме бар. 280 мыңнан астам азамат Еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастырылды», - деді министр.

Биржаны одан әрі дамыту - оның базасында электрондық еңбек шарттарын жасауды көздейді. Сонымен қатар, биржа кәсіптік оқыту алаңына айналады. Онда жұмыс берушілер қажетті кадрлар туралы, ал білім беру ұйымдары оқыту курстары туралы мәлімдей алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәдина Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты жағдай бойынша түсінік берді.