Еңбек министрі облыс әкімдерін «Жол картасына» бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға шақырды

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова облыс әкімдерін «Жол картасын» жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауға шақырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі таңда «Жол картасын» жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиісті және мақсатты пайдалану маңызды мәселе болып табылады. Қаражаттың қалай болса солай жұмсалуына жол бермеу қажет. Аталмыш жобаны жүзеге асыратын бизнес қоғамдастықтар белсенді жұмыс жүргізгені жөн», - деді бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Г. Әбдіқалықова.Г. Әбдіқалықова мониторинг жүргізу мақсатында министрлік еңбекпен қамту мәселесі бойынша жедел есеп жүргізудің бірыңғай формасын әзірлеп, әкімдіктерге жеткізгенін айтты. «Өкінішке қарай, біз апта сайын, күн сайын телефон шалып, мәліметтер сұрастырып, қол жеткізе алмай жатамыз. Ал селекторлық кеңес болатынын айтқанымызда керісінше демалыс күндері телефонға тыным болған жоқ. Сондықтан министрлікке «Жол картасы» бойынша деректерді дер кезінде ұсыныңыздар», деді ол облыс әкімдеріне қаратып айтқан сөзінде. Оның айтуынша, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында бұл мәселемен айналысатын орган әлі анықталмаған. «Біз кімге жүгінерімізді білмейміз», - деді министр.Сонымен қатар, Г. Әбдіқалықова «Жол картасының» жүзеге асырылу барысын тиімді бақылауды қамтамасыз ету үшін Үкіметке ведомствоаралық комиссия мүшелері басқаратын жұмыс топтарын құру туралы ұсыныс енгізетіндерін айтты. «Бұл жұмыс топтары жергілікті жерлерге барып, жағдайды білу үшін қажет», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар