Еңбек министрі республикалық бейне-кеңес өткізді

АСТАНА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіхалықова жұмыспен қамту және кадрларды қайта дайындау мәселелерімен айналысатын аймақтық комиссияларға басшылық ететін облыстар мен Астана және Алматы қаласы әкімдері орынбасарларының, сондай-ақ еңбекпен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы жергілікті атқару органдары басшыларының қатысуымен республикалық бейне-кеңес өткізді.
None
None
ҚазАқпаратқа бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады. Жиында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Дағдарыстан - дамуға» Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің іс-шаралар жоспары ?«Жол картасын» жүзеге асырудың тетіктері талқыланды. Халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуді мақсат еткен «Жол картасында» 7 басты мақсат анықталып отыр, олар ? тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта құру, мектептерді, ауруханаларды жөндеу, жолдарды жөндеу және жаңа жолдар салу, қалалар мен ауылдардағы әлеуметтік-мәдени нысандарды қалпына келтіру, әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар машықтанудан өтетін жұмыс орындарын көбейту, кадрларды қайта дайындау жоспарларын жасау. Кеңесте атап көрсетілгендей, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің болжамды саны, олардың мамандығы және біліктілігі, сондай-ақ оқу орындары түлектерінің білім деңгейі және мамандықтары туралы, оралмандардың саны мен олардың жұмысқа мұқтаждарының саны туралы еңбек министрлігіне облыстардан мәліметтер жеткізу үдерісі жалғаса бермек. Бұл мәліметтер «Жол картасында» қарастырылған Жұмыспен аймақтық қамту стратегиясын жүзеге асыруға Үкімет бөліп отырған 140 миллиард теңгені аймақтарға бөлуге негіз болғалы отыр.
Соңғы жаңалықтар