Еңбек министрі С.Әбденов Мемлекеттік аннуитетті компанияның жаңа басшысын таныстырды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының (МАК) ұжымына жаңа Басқарма төрағасын таныстырды.

Еңбек министрі С.Әбденов Мемлекеттік аннуитетті компанияның жаңа басшысын таныстырды

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бірыңғай акционер - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шешімімен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының (МАК) Басқарма төрағасы болып Айдар Көпішев тағайындалды. Ол бұл қызметте Нұржан Әлімұхамбетовті алмастырды.

Әлімұхамбетов Нұржан Ержанұлы «МАК» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасының лауазымнан өз еркімен кетті. Еңбек министрі Н.Әлмұхамбетовке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Қаржылық және әлеуметтік салада үлкен тәжірибесі бар Нұржан Әлімұхамбетовтың басшылығымен Мемлекеттік аннуитеттік компания едәуір табыстарға жетті.

2010 жылдан бастап «МАК» ӨСК» АҚ-ның таза активтері 4 есеге өсті, бұл ретте активтердің орташа жылдық өсімі 66% құрады. МАК барлық сақтандыру компаниялары арасында активтерді капиталдандыру бойынша 9-шы орынды алып отыр. Мемлекеттік аннуитеттік компанияның активтері өмірді сақтандыру компанияларының жиынтық активтерінің 20 % құрайды.

Аталған кезеңде «МАК» ӨСК» АҚ сақтандыру өнімдерін жетілдіру, шартты жасасу мерзімін және сақтандыру төлемдер мерзімін қысқарту, клиентке бағдарланған принциптерде бизнес-процессті ұйымдастыру (директ-сатулар) бойынша клиенттерге жағдай туғызуда бірнеше қадамдар жасады.

Нұржан Әлімұхамбетов өз қызметін «МАК» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жалғастырады және өз жұмысын компанияны дамытудың әдістемелік аспектілері мен сақтандыру саласына бағыттайтын болады.

«МАК» ӨСК» АҚ-ның белсенді заңшығармашылық жұмысы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңында көрініс тапты. МАК ұсынған зейнетақыны сақтандыру (зейнетақы аннуитеттері) шарттарын жақсарту бөлігінде өзгерістер ескерілді. Қызметкерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруды жетілдіру мәселесін қамтитын («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») заң жобасы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Айдар Амантайұлы Көпішев жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін, 1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментінің бас кеңесші заңгер болып жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Заң департаментінің бас кеңесші заңгер қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін «Alliance - Өмірді сақтандыру» сақтандыру компаниясы» АҚ Заң департаментінің директоры және Басқарма мүшесі болды. 2011 жылдың 18 қарасашынан бастап 2012 жылдың қаңтарына дейін «Alliance - Өмірді сақтандыру» сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы және Басқарма мүшесі болды. 2011 жылдың 24 қазанынан бастап 2011 жылдың 18 қарашасына дейін «Alliance - Өмірді сақтандыру» сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.

Айта кетейік, «МАК» ӨСК» АҚ 2004 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасын және Республикадағы әлеуметтік реформаларын одан әрі тереңдету бағдарламаларын табысты жүзеге асыру мақсатында құрылды. Акция пакеттерін толықтай басқару Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырылды. Қазақстанның 29 қаласында МАК-ның кеңселері және сақтандыру агенттердің кең желісі бар.