Еңбек министрлігі 2015-2017 жылдары сұранысқа ие болатын мамандықтарға болжам жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек министрлігі 2015-2017 жылдары сұранысқа ие болатын мамандықтарға болжам жасады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгінгі брифингте сөйлеген сөзінде.

Еңбек министрлігі 2015-2017 жылдары сұранысқа ие болатын мамандықтарға болжам жасады

«Мемлекет басшысы жоғары технологиялық салаларға, жаңа инновациялар мен жаңа технологияларға қатысты үлкен міндеттер қойып отыр. Егер біз нақты секторда жаңа бағыттарды енгізетін болсақ, еңбек ресурстарының сол деңгейге сай болу керектігін түсінуіміз керек»,- деді министр ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Біз 2015-2017 жылдарға арнап мамандарға болжам әзірлеп жатырмыз. Біз тек макроэкономикалық болжамды ғана емес, әр өңір бағдарламалар аясында қажетті жұмыс орындарын анықтайтын Өңірлердің жұмыспен қамтылу картасын да назарға алып отырмыз. Және біз жұмыс берушілердің арасында сауалнама жүргізудеміз»,- деді Т.Дүйсенова.

Министр сондай-ақ, бұл болжамның ағымдағы жылдың мамыр айына дейін дайын болатынын хабарлады. Және осы болжамның негізінде жаңа кәсіптік стандарттар жасалмақ.