Еңбек министрлігі күнкөріс минимумының азық-түлік себетін қайта қарау жұмыстарын жүргізуде

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақтың тағамтану академиясымен бірлесіп күнкөріс минимумының азық-түлік себетін қайта қарау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады министрліктің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Наталья Крюкова pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Еңбек министрлігі күнкөріс минимумының азық-түлік себетін қайта қарау жұмыстарын жүргізуде

«Министрлік Қазақтың тағамтану академиясымен бірлесіп күнкөріс минимумының азық-түлік себетін қайта қарау жұмыстарын жүргізуде»,- деді департамент директоры.

Бұл жұмыстар әдістеме таңдау жөніндегі тиімді ұсыныстарды әзірлеуге негіз болатын күнкөріс минимумын анықтауды жетілдіруге қатысты зерттеулердің аясында жүргізілуде.

Оған қоса, басқа елдерде әлеуметтік көмек көрсетудің өлшемі ретінде кең қолданылатын бюджеттік қаржының шеңберіндегі медиандық табысты зерттеу жұмыстары зерттелуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін медиандық табыс бойынша зерттеулерді аяқтау және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда.

Наталья Крюкованың айтуынша, бүгінде зерттеулерде аралас әдіс қолданылады: нормативтік әдіспен 43 аталымнан тұратын азық-түлік себеті анықталса, күнкөріс минимумының азық-түліктік емес бөлігі статистикалық әдіспен анықталады.

«Бүгінгі күні күнкөрістің азық-түліктік емес бөлігі күнкөріс минимумының 40 пайызын құрайды, бірақ зерттеулер мен статистика мәліметтері көрсетіп отырғандай, азық-түліктік және азық-түліктік емес себеттердің арақатынасы өзгеріп отыр, сондықтан да күнкөріс көрсеткішін қайта қарап шығу керек»,- деп атап көрсетті Н.Крюкова өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына 20 адам» атты бағдарламалық мақаласында минимальдық әлеуметтік стандарттар жүйесін жасау туралы тапсырма берген болатын, күнкөріс минимумы осы жүйеге кіреді.