Еңбек министрлігі жас қызметкерлер үшін сынақ мерзімін алып тастауды ұсынды

«Еңбек кодексіне «жас қызметкер« ұғымын қосу үшін заңнамалық түзетулер енгізу бастамасы көтеріледі. Сондай-ақ, жас маман үш айдан кейін жұмыстан шығарылуы ықтимал болатын сынақ мерзімін алып тастағымыз келеді. Біз бұл нормаларды қарастырып, ұсынғымыз келеді, егер ол қабылданса, жастардың жұмысқа орналасуына оң әсер етеді деп ойлаймын», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Вице-министрдің айтуынша, егер жас қызметкер талаптарға толық сәйкес келмесе, жұмыс беруші оның біліктілігін қосымша арттыруы тиіс.
Сондай-ақ, спикер министрліктің Еңбек кодексіне басқа өңірлерден келген жастар үшін тұрғын үй жалдауға көтерме жәрдемақы енгізуді ұсынатынын айтты.
«Бұл жаңашылдықтар биыл бастама ретінде көтеріледі және қолдау табады деп ойлаймын», - деп түйіндеді ол.
Бұл шаралар халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасы аясында да ұсынылады.