Еңбек министрлігі жұмыспен қамту және еңбек нарығын реттеуді жетілдіруге қатысты тұжырымдама дайындауда

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданған шағымдар мен арыздардың басым бөлігі шетелдік компанияларда жұмыс істейтіндердің еңбек қатынастарын реттеуге қатысты болып отыр.
None
None

Себебі ондағы қазақстандық жұмысшылар мен шетелдіктердің жалақыларының арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Бұл мәселелер жөнінде бүгін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау орындарының жұмысына байланысты өткен мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның деректері бойынша, қазір шетелдіктер жұмыс істейтін мекемелердегі еңбек қатынастарын реттейін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына шетелдік инвесторлар да енгізілген. «Біз жуық арада осы мәселе бойынша өзіміздің ұсыныстарымызды жария етеміз», деді жауапты хатшы.

Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, соңғы уақытта министрлікте жалданған жұмысшылардың құқықтарына байланысты сауалдар көбейіп отыр. Яғни жалдамалы жұмысшылар да әлеуметтік жағынан қорғауды қажет етуде. «Бүгін біз жұмыспен қамту және еңбек нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіруге қатысты арнайы тұжырымдама дайындаудамыз. Сондықтан жалдамалы жұмысшылардың құқықтарына қатысты мәселелер осы құжатта көрініс табады», деді Т.Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар