Еңбек министрлігінде қағазбастылықпен күрес шаралары талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23 мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыруға қатысты шаралар атқарылуда. Бұл туралы аталған ведомствоның вице-министрі Нариман Мұқышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Автоматтандырылған әрі электрондық қызметтер саладағы ашықтықты қамтамасыз ететінін түсінеміз. Бүгінде 23 мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру тұрғысында 13 жол картаны орындау шаралары министрлікке тиесілі», - деді Н. Мұқышев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерімен бірге өткен кеңесте.

Осы орайда ол ведомство жұмысындағы қағаз айналымын азайту шаралары іске асырылып жатқанын атап өтті.

«Оңтайландыру жұмыстары барысында қағазбастылықты жойып, қызметтерді цифрлық, электрондық жүйеге көшіруге ұмтылудамыз. Бұл ретте оңтайландыру, автоматтандыру қадамдарын іске асыруды қажет ететін бағыттар әлі де бар. Осы бағытта тиісті мемлекеттік органдармен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе атқаратын жұмыстар ескерілген», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар