Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесіне 34 мыңдай қазақстандық жүгінді

деп хабарлады Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау бөлімнің директоры Алма Дәуітова Pm.kz сайтына берген сұхбатында.
Ақпараттық-талдау орталығы еңбек нарығы туралы мәліметтерді жинаумен және өңдеумен, оның ішінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы мәліметтерді өңдеумен айналысады. «Өңделген барлық мәліметтер Үкіметке, мемлекеттік органдарға жолданады және халықты хабардар ету үшін екі Интернет-ресурсқа - enbek.gov.kz және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының сайттарында жарияланады», - деді Алма Дәуітова.
Бағдарламаның Интернет ресурсына әкімдіктер онлайн-режимде бағдарламаның өңірлерде жүзеге асырылу барысы туралы жедел мәліметтерді орналастырады. Сондай-ақ, бұл сайтқа аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға арқау болып отырған нормативтік-құқық база да орналастырылған.
Еңбек нарығындағы сұраныстар мен ұсыныстар туралы мәліметтерді беріп отыру бөлімнің маңызды жұмыстарының бірі екендігіне тоқталған ол: «Сайтта сондай-ақ, жұмыс берушілерге бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді өз беттерінше жариялау және үміткерлерді таңдау мүмкіндігі берілген. Бізде жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздардың базасы, резюме орталығы, республикамыздағы оқу орындарын бітірген түлектердің базасы және «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің базасы бар»,- деп атап көрсетті орталық директоры өз сөзінде.
А.Дәуітованың айтуынша, бүгінгі таңда 33 950 қазақстандық орталыққа жүгінген.