Еңбек министрлігінің алқасында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңның аймақтарда жүзеге асырылу барысы талқыланды

ң 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада министр Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісі өтіп,
None
None

 онда «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңның еліміздің алты аймағында жүзеге асырылуы барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Заңның қабылданғанына жарты жыл болды. Бұл заң екі негізгі мәселені шешуге, атап айтқанда, біріншіден - әлеуметік қызметтер көрсету стандарттарын жетілдіруге және оларды халықаралық стандарттарға жақындастыруға, екіншіден - әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін бәсекелі ортаны қалыптастыруға  бағытталған», деді алқада Г. Әбдіхалықова.

 Оның айтуынша, заң қабылданған жарты жылдан бері бірқатар жұмыстар жүргізілген. Оны жүзеге асыру  үшін республикалық бюджеттен 2009 жылы 5,7 млрд. теңге бөлінген. Алты облыста осы заңның қалай орындалып жатқаны сараланған.

 Алқада Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Қайна Манабаева еліміздің алты аймағында аталмыш заңның қалай орындалып жатқаны туралы, ал Қаржы департаментінің директоры Майраш Көзжанова заңды жүзеге асыруға бөлінген мақсатты трансферттердің аймақтардағы игерілуі жайлы айтып берді. Бұдан бөлек Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары заңның өз аймақтарында жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше,  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңды жүзеге асыру аясында 20 дәрігерлік-әлеуметтік балалар мекемесіндегі 2 мың 759 мүгедек сәби, күндізгі қабылдау режімінде жұмыс істейтін 8 бөлімшедегі 270 мүгедек жеткіншек әлеуметтік қызметке ие болып отыр. 2009 жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету құны екі еседен астамға ұлғайған.

Соңғы жаңалықтар