Еңбек министрлігінің жаңа басшысы қазіргі уақытта зейнет жасын көтеру қажеттілігі туындап отырған жоқ деп санайды

АСТАНА.  26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта зейнет жасын көтеру қажеттілігі туындап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне жаңа тағайындалған еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Серік Әбденов білдірді.

Еңбек министрлігінің жаңа басшысы қазіргі уақытта зейнет жасын көтеру қажеттілігі туындап отырған жоқ деп санайды

«Менің ойымша, бұл мәселе тыңғылықты зерделеуді қажет етеді. Дегенмен қазіргі уақытта зейнет жасын көтеру қажеттілігі туындап отырған жоқ деп санаймын», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда еліміздегі зейнет жасы халықаралық ұйымдар деңгейінде қарастырылып бекітілген.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта министрлік бұған дейінгі бағытта жұмыс істеп, әлеуметтік салада қабылданған барлық бағдарламаларды жүзеге асыра беретіндігін баса айтты.

«Бұған қосымша бүгін Елбасының қабылдауында болғанымда біраз міндеттер алдыма қойылды. Соларды алдағы уақытта орындайтын боламыз», - деді С. Әбденов.