Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кемінде 1,7 есеге арттыруымыз керек - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кемінде 1,7 есеге артыруымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кемінде 1,7 есеге арттыруымыз керек - Тоқаев

«Шикізатқа байланған менталиттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру, білім экономикасы, еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторына айналды. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүргізу барысында бұрын жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеруіміз керек. Бұл мәселелер бойынша менің барлық тапсырмаларымды, ескертпелерді Үкімет толық орындауға міндетті», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еңбек өнімділігінің нақты өсімін кемінде 1,7 есеге артыруымыз керектігін баса айтты.

«Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделдімізді арттыру стратегиялық міндет. Бұл Елбасы айқындаған саяси бағыт-бағдарымыз», - деді Қ.Тоқаев.