«Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны прокуратура араласқаннан кейін ғана жалақы беруге мәжбүр болды

АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астана қаласының мамандандырылған прокуратурасы «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына тексеру жүргізіп, аталмыш мекеменің филиалдарында көптеген заңбұзушылықтар анықтады.
None
None

Астана қаласы түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі

арнайы прокурор Жасұлан Балтабековтың мәліметтеріне қарағанда, кәсіпорында сотталғандардың конституциялық құқықтары өрескел бұзылған. Заңбұзушылықтар бірінші кезекте сотталғандарға жалақыны уақытында бермеу, зейнетақы төлемдерін уақытында төлемеу сияқты әрекеттермен байланысты болып отыр. «Осыған байланысты біз аталмыш әрекеттер бойынша тиісті шаралар қолданып, іске прокуратура органдары араласқанынан кейін ғана «Еңбек» РМК филиалдары өздерінің берешектерін төлеуге мәжбүр болды», дейді Ж. Балтабеков.

Соңғы жаңалықтар