Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі БҚО-ға жұмыс сапарымен барады

АНА. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Тамыздың 2-3-і аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі БҚО-ға жұмыс сапарымен барады

 деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр сапарының негізгі мақсаты - «Жол картасы» бағдарламасы бойынша аймақта жоспарланған жұмыстардың жай-күйімен танысу.

Сапар барысында Г.Әбдіхалықова облыс әкімі Б.Ізмұхамбетовпен, «жол картасы» бюджеттік бағдарламасының әкімшісімен кездеседі. Сонымен қатар, Орал қаласындағы С.Датов, М.Мәметова, В.Чапаев атындағы алаңдардың, №16 орта мектептің, №3 емхананың, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның жаңарту жұмыстарымен танысады.

Батыс Қазақстан облысындағы «жол картасы» шеңберіндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін  4 миллиард теңгеден астам қаржы  бөлініп, 8823 адам жұмыспен қамтылған. Аймақта құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына 3 275 адам орналастырылып, 1 269 адам дайындықтан және қайта дайындықтан өткен, ал 1 211 адам жастар тәжірибесіне жіберілген.