Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова қарттарды халықаралық мерекемен құттықтады

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін -Халықаралық қарттар күні. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова «Астанадағы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде» болып,
None
None

қарттарды бүгінгі мерекелерімен құттықтады.

«Биылғы жыл ерекше жыл. Себебі биыл Ұлы Жеңіске 65 жыл толып отыр. Осыған байланысты біз жыл бойына қарттардың, оның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мәселелерін шешіп, оларға барынша көңіл бөлуге тырыстық. Сонымен қатар, бүгін халықаралық мереке. Ол республикамыздың барлық аймақтарында кеңінен аталып өтуде. Әр аймақ шама-шарқына қарай қарттарға құрмет көрсетіп, қолұшын созуға ұмтылуда. Сондай-ақ қарттарға арналып, түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Елордамыз Астанада да бүгін үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылғалы отыр», Г.Әбдіхалықова.

Министр сонымен қатар медициналық мекеменің қызметімен, онда қарттарға жасалған жағдаймен танысып, мекемеде өмір сүріп жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің хал-ахуалдарын біліп қайтты.

Министрдің мәліметтеріне қарағанда, республикамызда қарттар тұратын 49 медициналық мекеме бар. Онда 6 мыңнан астам адам бар. «Қазіргі таңда елімізде мұндай үйлердің қатар көбейе бастады. Республикамыздың аймақтарында орналасқан мұндай үйлердің көпшілігі ертеректе салынған. Осыған қарай биыл «Жол картасы» бағдарламасының аясында 15-тен астам осындай қарттар үйі күрделі жөндеуден өткізілген. Сондықтан бұл бағыттағы мәселелер ретімен шешімін тауып келеді», деді Г.Әбдіхалықова.

Ооның пікірінше, еліміздегі қарттар үйлері мүмкіндігінше кішігірім, жинақы болғаны абзал. «Кеңес одағы тұсында 600-ге жуық адам тұратын зәулім ғимараттардың салынғаны есімізде. Бүгінгі таңда бұл өте тиімсіз. Сондықтан біз қарттар үйлерінің мүмкіндігінше шағын болуын қарастыруымыз керек. Қарттар немесе мүгедектер ол мекемелерде өз үйінде жүргендей сезінулері керек», деді министр.

Соңғы жаңалықтар