12:18, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері БҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және оған бағынышты ұйымдардың қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды,
деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Батыс Қазақстанда болған көктемгі су тасқыны бірқатар автокөлік жолдарын шайып, БҚО-ның Шыңғырлау, Тасқала, Зеленов, Теректі аудандарының 22 елді мекенін және Орал қаласы маңын су басып қалғаны және тасқын судан 6 мыңнан астам адам зардап шеккені белгілі. Орын алған төтенше жағдайды ескере отырып, материалдық көмек көрсету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және оған бағынышты ұйымдардың қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды», - делінген баспасөз хабарламасында.