Еңбекақысына 30 пайыз үстемені алу үшін мұғалімдер біліктілік емтиханын тапсырады

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат -  Биылғы 23 маусымда  Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының  жалпы білім беру мектептеріндегі педагогтардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламасын іске асыру мақсатында 364 астаналық ұстаздар үшінші базалық деңгейлік мұғалім сертификатын алу үшін емтиханын тапсырады.

Еңбекақысына 30 пайыз үстемені алу үшін мұғалімдер біліктілік емтиханын тапсырады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы мемлекет бойынша емтиханнан 3278 мұғалім -үміткер 17 қалада өтеді. Біліктілік емтиханын сәтті тапсырған мұғалімдер еңбекақысына 30 пайыз үстемені алуға рұқсат беретін үшінші деңгейлі мұғалім сертификатын алады.

Біліктілік емтиханы мұғалімдерді бағалаудың қорытынды үрдісі болып табылады және бағдарламаның модулдері мен негізгі идеясын қамтитын Кембридж дайындаған тестілік сұрақтардан тұрады.  Біліктілік емтиханын өткізу үрдісі айқын және сыртқы бақылаушылардың қатаң бақылауында болады.

2011 жылы ҚР Білім және ғылым министірлігі қазақстандық педагогтардың біліктілігін ең мықты әлемдік тәжірибеге негізделген жаңа форматта арттыру ынтасын білдірді. Курстардың бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ мен Кембридж Университетінің білім беру Факультетімен (Ұлыбритания әзірленген.

Бағдарлама аясында 2012 жылдың қаңтар-наурыз айлары арасында педагогикалық шеберлік орталығы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі, сонымен бірге «Өрлеу» АҚ ұлттық біліктілікті арттыру орталығындағы және педагогикалық университеттер мен институттар қарамағындағы аймақтық біліктілікті арттыру орталықтарындағы ең мықты мұғалімдерден 286 қазақстандық жаттықтырушы дайындады.

Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің біліктілігін жаңа сапалы әдіспен арттыруға негізделген бағдарлама мұғалімдердің сабақ беру мен оқытудағы жаңа әдістерін және үзіліссіз өзін-өзі жетілдіру мен кәсіби дамуды қамтамасыз ететін өз тәжірибесін дамытуға бағытталған.