Еңбекке қабілетті мүгедектердің тек 3 пайызы ғана жұмыспен қамтылған - А. Самақова
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Депутаттар тарапынан еліміздегі мүгедектердің құқын қорғау мәселесі ұдайы көтеріліп келеді. Осы санатқа жататын азаматтардың басындағы ең үлкен проблема - жұмысқа орналасу, бүгінгі күні еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің тек 3 пайызы ғана жұмыспен қамтылған», деді А. Самақова. Оның айтуынша, мүгедектердің проблемасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қамтамасыз ету және олардың өмірін жақсартуға бағытталған Ұлттық іс-қимыл жоспары аясында шешімін табатын болады. Бұл ретте Үкімет тарапынан осы мақсаттағы арнайы жұмыс тобы да құрылған.
Бұдан бөлек, депутаттың сөзіне қарағанда, елімізде 1,2 млн.-ға жуық адам есту қабілетінің түрлі деңгейдегі бұзылуына шалдыққан. Олардың басым бөлігін балалар құрап отыр. «Бұл біздің еліміз үшін аса үлкен көрсеткіш», деді депутат