Еңбекпен қамтылғандар санының 48,9 пайызын әйелдер құрайды - Жасұлан Омаров

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан білім берудің барлық саласында жыныстар арасындағы теңсіздікті жоюға негізделген мақсатына толық жетіп отыр. Бұл туралы бүгін елордада  БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның сарапшы тобымен өткен семинар барысында ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Жасұлан Омаров мәлім етті,

Еңбекпен қамтылғандар санының 48,9 пайызын әйелдер құрайды - Жасұлан Омаров

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Оның айтуына қарағанда, мектептегі ұлдар мен қыздардың үлес салмағы сәйкес келгенімен, білім берудің жоғары деңгейлерінде, атап айтқанда колледжден бастап әйелдердің үлесі айтарлықтай артады.

 «Сонымен қатар әйелдер қоғамдық-саяси және экономикалық өмірдің басқа салаларында қабылданған шешімдер деңгейінде ұсынылмаған. Атап айтқанда, 2008 жылы Сенатта тек 4,3 пайыз, ал Мәжілісте 17 пайыз орынды әйелдер иеленген. Толығымен алғанда Парламенттегі әйелдердің үлесі 13,1 пайызды құрап отыр. Дегенмен бұл соңғы жылдардағы ең үлкен жетістік», дейді Ж.Омаров.

  Осы орайда, еңбек нарығындағы жағдайдың да жақсарып келе жатқандығы байқалады. Атап айтқанда, еңбекпен қамтылғандар санының 48,9 пайызын әйелдер құрайды, яғни әйелдердің 3-тен 2-сі жалдамалы еңбек саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы емес сектордағы әйелдердің үлесі де біртіндеп өсіп келеді.