Енді Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 16 бала тамақтан уланды

АҚТАУ. KAZINFORM — Оқиға кеше 12 қыркүйек күні болған. Сағат 18:34 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысының іші ауырып, аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінген. 

врачи, больница, медицина, дәрігер, аурухана
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Қабылдау бөлімінде балаларға оральды регидратация және инфузионды терапия жасалды. Сағат 21:43–тегі жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы бірқалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды, — деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының маманадары мектептегі астан, ауыз судан сынама алып, сараптамаға жіберген. 

Еске салайық, 6 қыркүйекте Маңғыстаудың Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында бір мектептің 500-ге жуық оқушысы астан уланып қалды.

Олардың барлығы мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ішкеннен кейін ауырған.

Осы оқиғадан кейін бүкіл ел бойынша мектептердің асханасы тексерілетін болды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев Маңғыстауда балалардың тамақтан улануына жол бергендер жазаланатынын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар