Енді шетелге жұмысқа жіберетін агенттіктерден лицензия талап етіледі

АСТАНА. KAZINFORM –Қазақстандықтарды шетелге жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке компанияларға жауапкершілік күшейеді. Бұл міндетті Үкімет басшысы Олжас Бектенов жүктеді.

Миграция
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— Азаматтарымызды шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктердің қызметіне мұқият назар аудару қажет. Олар ешқандай жауапкершілік алмайды және қазір олар бақылаудан да тыс қалып отыр. Жыл соңына дейін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін лицензиялау бөлігінде тиісті заңнамалық өзгерістер әзірленуі қажет, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Бұған дейін Премьер-министр көші-қон саласына талдау жасау қажеттігін айтқан еді

Еске салсақ, жыл басында елімізде демография және көші-қон саласын реттейтін мемлекеттік орган құру ұсынылды.

Сондай-ақ биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген

Соңғы жаңалықтар
Референдум