Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Енді Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейінгі жолды 2 сағатта жүріп өтуге болады

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңартылған жол Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейінгі жолды 5 сағатқа қысқартады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

Енді Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейінгі жолды 2 сағатта жүріп өтуге болады
Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар «Жетібай — Жаңаөзен — Кендірлі — Түрікменстан шекарасы» автожолының 179–229 шақырым аралығындағы 50 шақырымдық учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

— Бұл учаскенің жаңаруы Қазақстанның Түрікменстан және Иран бағытындағы транзиттік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағының көлік қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Жөндеу аяқталғаннан кейін жолдың өткізу қабілеті шамамен екі есе артып, Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейінгі жол жүру уақыты орта есеппен 7 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқарады, — делінген хабарламада.

Жоба аясында:

— 50 шақырымда жер жұмыстары орындалды;
— 49,7 шақырымда геотекстиль төселді;
— 49,7 шақырымда С4 қиыршық тас пен құм қоспасы төселді;
— 33 шақырымда қара қиыршықтастан жоғарғы негіз қабаты төселді;
— 28 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетон жамылғысы төселді.

Компания атап өткендей, жаңартылған жол халықаралық транзиттік байланысты күшейтіп, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға және өңірдің экономикалық әрі туристік әлеуетін дамытуға серпін береді.

Бұған дейін Ақтөбеде 23 шақырымдық жол жөндеу жұмысы бес жылға созылып кеткенін жаздық.