Endeavour астронавтары ашық космосқа екінші рет шықты

ЛОНДОН. Шілденің  21-і. ҚазАқпарат -     Халықаралық  ғарыш стансасына   жеткен   Endeavour  шаттлының    экипажы   ашық ғарышқа екінші  рет шығуларын   табысты  аяқтады,  деп  хабарлайды   Би-Би-Си телекомпаниясы

Endeavour  астронавтары  ашық  космосқа  екінші  рет  шықты

Астронавтар  алдарына қойылған барлық  міндеттерді    орындады, атап  айтқанда, станса  корпусына параболикалық антенна  орнатты.    Ғарышкерлердің ашық космосқа  шығуы     Айдың бетіне адамның    алғаш рет аяқ басуының 40 жылдығына  арналған.

Адамзаттың  аяғы Айдың бетін   алғаш рет    1969 жылы    шілденің 21-інде    басқан  болатын.    Арнаулы ай модулімен   жарақталған    американдық « Аполлон-11» ғарыш  кемесімен   Айдың бетіне  қонған алғашқы адамдар Нил Армстронг пен  Эдвин Олдрин  болған.