Енді 2009 жылғыдай астық бағасының төмендеуі болмайды

ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылдағыдай астық бағасының төмендеуі болмайды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Енді 2009 жылғыдай астық бағасының төмендеуі болмайды

«Көптеген мәселелер шешілді. 2009 жылдағыдай бағаның төмендеуі болмайды. Себебі, "Азық-түлік келімшарт корпорациясы" АҚ тоннасына 25 мың теңге көлемінде жақсы бағаны бекітті. Енді астық нарығындағы көптеген ойыншылар осы бағаға негізделетін болады»,-дейді министр.

Оның пайымдауынша, бұл тұрғыда астықтың төмен бағамен сатылуы орын алмайды. Сонымен қатар жаңадан салынған элеваторлар бағаның тұрақты болуына оңтайлы жағдай жасамақ.