Енді ауа райын Google Maps арқылы білуге болады

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Google Maps картографиялық қызметінде ауа райы жайында мәлімет беретін жаңа бет пайда болды. Бұл жөнінде Google LatLong блогында айтылған, деп хабарлайды Лента.ру.

Енді ауа райын Google Maps арқылы білуге болады

Картада ауа райын көру үшін тышқанның курсорын Google Maps экранының оң жақ бұрышындағы виджетке апарып, «Ауа райы» деген пунктін белгілеп алу керек.

Метеорологиялық мәліметтерді әлемнің кез келген нүктесінде тұрып алуға болады.
Қаланың атауын басып қалып, төрт күнге арналған ауа райы мәліметін алуға болады. Ауа температурасынан бөлек, картада жауын-шашын, ылғалдылық, жел жылдамдығы мен бұлт қозғалысы сынды толық ақпарат беріледі.

Google компаниясының метеорологиялық мәліметтерін Weather.com қызметі, ал бұлт қозғалысын - АҚШ-тың ВМС ғылыми-зерттеу орталығы ұсынады (NRL).