Енді ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу кәсіпорындарын салғандар қаражатының белгілі бір бөлігін бірден қайтарып ала алады - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат - «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында енді инвестициялық субсидиялау енгізіліп, бизнеске салынған қаржының белгілі бір бөлігі мемлекет есебінен бірден қайтарылатын болады.
None
None

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бүгін Алматыда қала маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері бойынша өткізілген жиында айтты.

«Бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселе өте маңызды. Өйткені азық-түлікпен қамтамасыз ету жылдан-жылға зор күрделеніп келеді. Сондықтан оны қадағалауда ұстау керек. Мемлекет басшысы мен үкімет басшысының тиісті тапсырмалары да бар. «ҚазАгро» холдингі белсенді түрде кәсіпорындардан қаржыландыру туралы өтініштерді қарауда. Біз кәсіпкерлерді қаржылық тұрғыдан ғана емес, ветеринарлық қамтамасыз ету сияқты мемлекеттік органдар тарапынан қажетті қолдау шараларын жүзеге асыруға дайынбыз», - деді А.Мамытбеков. Министрдің айтуынша, енді мемлекет кәсіпкерлердің аграрлық секторды инвестициялауын ынталандыру шараларын қолға алуда. Мәселен, ет өңдейтін зауыт салса, инвестициялық субсидиялау арқылы бизнесмендерге салған қаражатының 20-30 пайызын бірден қайтарып бермек. Өйткені, өзге салаларға қарағанда ауыл шаруашылығы біршама артта келе жатыр. Ондағы өнімділік те төмен. Сондықтан жағдайды осындай пәрменді шаралармен түзеу қажет.

Соңғы жаңалықтар