Енді автөкөлікті пәтердің ішіне қоюға болады
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ-та Porsche Design және Dezer Development жобасы бойынша салынған Porsche Design Tower Miami заманауи көпқабатты үйлерінде енді сүйікті көлігіңізбен бірге тұра аласыз.
Аспанмен таласып тұрған бұл биік үйлердің құрылысы 2013 жылғы сәуір айында басталған болатын. Үй автөлік көтеретін арнайы лифттермен жабдықталған. Мұнда қалталы азаматтар өздерінің «темір тұлпарларын» көрші бөлмеде ұстай алады. Тұрғын үй алаңы 1158 шаршы метрден 2895 метрге дейін жетеді, ал бағасы 9 млн. доллар көлемінде.
Үйдің алғашқы тұрғындары 2016 жылдан бастап жайғасатын болады.