Енді елімізде құқығы сақталмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар БҰҰ-ға шағым түсіре алады
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға 2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған факультативтік хаттама ратификациялансын», - делінген Президент қол қойған құжаттың мәтінінде.
Енді заң талабына сай, аталған құжат Біріккен ұлттар ұйымының Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комитетіне жіберіледі. Кейін оны ұйымның кеңесі қарап, Қазақстан тарапынан өтініштерді қабылдауға рұқсат береді. Содан соң өзінің құқығы бұзылды деп есептейтін мүмкіндігі шектеулі Қазақстан азаматы БҰҰ-ның жауапты комитетіне арыз-шағым түсіре алады.
Тоқтала кетсек, жалпы еліміз «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенцияға бұрын қосылған. Дегенмен оған ілеспе факультативтік хаттаманы ратификациялаған жоқ. Ал, хаттама мақұлданбаса, қазақстандықтардың арызын БҰҰ қарамайды.