Енді ем қабылдаушылар медициналық көмек сапасын тәуелсіз сарапшылардың талдауы арқылы бағалай алады

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жыл соңына дейін денсаулық сақтау субъектілерін тіркеу бойынша тәуелсіз орган құрылатын болады.
None
None

Бұл жайында бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталған министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин мәлім етті.

Тәуелсіз сараптама институты енгізілгеннен кейін ем қабылдаушылардың құқығын қорғау жүйесі құрылатынына тоқталған ол: «Бүгінде емделушілер тәуелсіз сараптама жүйесі бар екенін білуі тиіс. Онда ем қабылдаушылар медициналық көмек көрсетілуі жайында және оның тиісті талаптарға сай келуі тұрғысында медициналық қызметкерлерден тәуелсіз сараптаманы біле алады», - деді.

Осы орайда халыққа қолжетімді болуы үшін ем қабылдаушылардың құқығы жүйесі аясында тәуелсіз сарапшылар институты құрылмақ. Комитет төрағасының сөзіне қарағанда, енді барлық шағымдарды министрлікке жолдамай-ақ, бұл жұмыстарды емделуші өзі де атқарып, қажетті құжаттарды сарапшыдан алуға қауқарлы. «Бұл сарапшылар тіркеуден өткен қызметкерлер және олар емделушінің құқығын қорғау мақсатында сот істеріне де қатыса алады. Осындай жүйе бүгінде көптеген дамыған елдерде іске қосылған», - деді Б. Байсеркин.

Оның айтуынша, азаматтардан Денсаулық сақтау министрлігіне келіп түскен шағымдар бұл жүйе аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша тәуелсіз сарапшылар қауымдастығында орналастырылады. Олар өз кезегінде бөлінген қаржымен тәуелсіз сарапшылардың атқарған қызметін төлейтін болады. Осы шараларды атқаруға негізделген мемлекеттік тапсырысқа жыл сайын 30 миллион теңге бөлінбек.

Соңғы жаңалықтар