Енді кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберіндегі дәрілердің тізімін әр емдеу мекемесі өзі бекітеді ? Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан Республикасында дәрілік формулярлық жүйені енгізу мәселелеріне арналған брифинг өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пактың айтуынша, Қазақстан формулярлық жүйені енгізуге 2008 жылдың соңында кірісті. Дәрілік формуляр ? бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында әрбір емдеу мекемесінің басшысымен бекітілетін дәрілік заттардың тізімі. Бүгінде бұл тізімге өмірлік қажетті 600 дәрімен қатар, 900-ге жуық дәрілік заттың атауы кіріп отыр. Бұған дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің дәрі-дәрмектер тізімі министрлікпен бекітіліп келді. Бірақ мұнда жергілікті емдеу мекемелеріне оның қажеттілігі және қай көлемде керектігі ескерілмеді. Формулярлық жүйеде керісінше, әрбір денсаулық сақтау ұйымы дәрілердің формулярлық тізімін өзінің салалық бағыты мен аумақтағы сырқаттану деңгейінің негізінде өзі құрастырады. Дәрілік формуляр сондай-ақ дәрігерлер мен емдеу мекемелеріне, бүгінде Қазақстанда тіркелген 10 мыңнан астам дәрілік заттардың ішінен қаржылық және ең бастысы - емдеу жағынан тиімдісін таңдауға көмектеседі. «Формулярлық жүйені енгізудегі басты мақсат ? халықты қауіпсіз, сапалы медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және кепілдендірілген тегін медициналық көмекті көрсетуге бөлінген бюджеттік қаражатты үнемдеу», - деді Л.Пак.
Соңғы жаңалықтар