Энди Ли: «Головкинді соққыға жығатын біреу болса, ол - мен»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерсті жеңген жағдайда, Геннадий Головкинмен біріктірілген жекпе-жек өткізуге ниетті, деп хабарлады Sports.kz.

Энди Ли: «Головкинді соққыға жығатын біреу болса, ол  - мен»

«Билли Джо Сондерсті соққыға жыққан соң,басқа да чемпиондармен бақ сынассам деймін. Канело, Головкин, Джейкобстер сияқты чемпиондармен шыққым келеді», деген ойын айтты британдық боксшы Box Nation-ға.

«Головкиннің - нөмірі бірінші спортшы белгілі. Ендеше, бұл кез келген боксшы үшін оңай жекпе-жек болмайды, алайда мүмкіндіктерім бар деген сенімдемін. Оны ауыр соққының астына аламын.

Орташа дивизионда оған қарсы келетін біреу болса, ол - мен».