Энди Ли: Головкиннің белдіктерін иеленгім келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы (72,6 кг дейін) WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энди Ли өзінің соққыларының күші Головкиннен осал емес деп санайды. Сондықтан да 2016 жылы онымен күш сынасуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте желісіндегі ресми тобының парақшасында хабарлады.
None
None

«Маған оның чемпиондық белдіктері ұнайды. Әдемі. Мен оның белдіктерін тартып алғым келеді. Ол да менікін алуға қарсы емес», - деді ол.

«Мен онымен 18 жасымда бозбала кезімде әуесқой бокста кездескем. Бірақ ол кезде оның әлем чемпионы екенін білмедім. - Маған ол жекпе-жек өте қиын болды. Бірақ уақыт өтті. 14 жыл артта қалды, екеуміз де есейдік. Головкин - мықты боксшы, ол өзінің қарсыластарының барлығын тізе бүктірді. Бірақ ол мен сияқтылармен әлі кездескен жоқ. Менің соққыларымның күші Головкиннен осал емес. Ол мен сияқтылармен кездескен кезде не болатынын көреміз», - деді Ли.

Соңғы жаңалықтар