Енді Мемлекеттік күзет қызметі Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: akorda.kz

Ашық НҚА порталында жарияланған Жарлық жобасында жазылғандай, енді Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталмақ.

«Міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - делінген жаңа редакцияда.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде МКҚ-ден Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты алынып тасталып отырғаны көрсетілген.

Мемлекет басшысының Жарлық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Президентке жолданады.


Соңғы жаңалықтар