Енді Трамптың телефонын тыңдамаймын - Кэмерон

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмерон Дональд Трамптың телефонымды тыңдады деп Барак Обаманы айыптаған мәлімдемесіне қатысты әзілдеді, деп жазады Life.ru.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Род-Айлендтің Браун университетінде (АҚШ) сөз сөйлеген Кэмерон «премьер лауазымынан кетудің ең басты артықшылықтарының бірі енді Трамптың телефонын тыңдамаймын» деді.

«Бұл, әрине, қалжың», - деп атап өтті Кэмерон.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Барак Обаманы телефондағы әңгімелерімді тыңдады деп айыптаған еді. Ол үшін Обама британдық тыңшылардан көмек сұраған деп есептейді. Алайда Трамп өз сөздеріне ешқандай айғақ келтірмеді.

Соңғы жаңалықтар