19:09, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Энди Уорхол салған «Кока-кола шөлмегі» 25 миллион долларға бағаланды
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Sotheby's Сауда үйі, саудаға Энди Уорхолдың «Үлкен кока-кола шөлмегі» туындысын шығарғалы отырғанын жария етті, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Американдық тұтынушылық мәдениеттің символына айналған кока-коланың бұл суреті 1962 жылы салынған және ол поп-арттың бастауында тұрған ең тұжырымды туындылардың бірі саналады.
Уорхолдың өзі соғыстан кейінгі АҚШ-та миллионерлер мен кедей-кепшіктердің сүйікті сусынына айналған коланың пәлсапасына тәнтілігін жасырмаған көрінеді. Аталған лоттың бастапқы бағасы - 20-25 миллион долларды құрайды.