Енді «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі тапсырылатын болады

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ынталандыру мақсатында «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі енгізілді. Бұл турал бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті.

Енді «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі тапсырылатын болады

Таратылған мәліметтерге қарағанда, аталған төс белгі мемлекеттік қызметте мінсіз еңбек өтілі кемінде 15 жыл, мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерге беріледі екен.