Енді ЖОО-лар жаңа оқу бағдарламасын болжамсыз жасай алмайды – Саясат Нұрбек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Енді жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беретін ұйымдарға жаңа оқу бағдарламасын болжамсыз жасауға тыйым салынады. Олар еңбек нарығындағы маман тапшылығы мәселесін ескеруі тиіс. Білім саласының сарапшылары бас қосқан форумда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Мен соңғы 3-4 жылда «Жаңа мамандықтар атласы» деген жобамен айналыстым. Ол қазір халықтың кірісін көтеру бағдарламасына енгізілді. Осыған сай, әр өңір өзінің аймағына алдағы 5-10 жылда қажет болатын мамандықтардың атласын жасайды. Жоспар дайын болғаннан кейін, тапшы мамандықтарға көбірек оқыту басталады. Яғни, еліміздегі жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беру ұйымдары басымдықты мамандықтар атласында көрсетілген салаларға береді. Енді жоғары оқу орындары жаңа оқу бағдарламасын болжамсыз жасай алмайды. Оған тыйым салынады. Қазір оның механизімін қарастырып жатырмыз. Оның нәтижесінде жоғары және кәсіптік білім беретін ұйымдар еңбек нарығындағы тапшылықты ескереді», - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгеретінін мәлімдеген еді.


Соңғы жаңалықтар