11:57, 27 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Ендігі міндет - ағымдағы жылғы рекордтық астық түсімін сақтап қалу - К.Мәсімов
АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - "Ендігі міндет - ағымдағы жылғы Қазақстандағы осы рекордтық астық түсімін сақтап қалу", - деді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін селекторлық форматта өткен Үкімет отырысында.

«Мемлекет басшысы Үкіметке, салалық министрліктерге, әкімдерге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өте нақты тапсырма берді. Сонымен қатар осындай астықтың бітік шығуы үшін және осы түсімін сақтау үшін барлық мүмкіндіктер мен ресурстар берді. Бұл өте үлкен көмек. Енді Елбасы бізден талап етуге құқылы. Ендігі міндет - ағымдағы жылғы Қазақстандағы осы рекордтық астық түсімін сақтау», - деді К.Мәсімов.
Айта кетейік, облыстық әкімдіктердің ауыл шаруашылығы департаментерінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда республика бойынша 12,8 млн. гектар алқаптың астығы жиналды. Орташа шығымдылығы гектарына 15,8 центнерді құрап, 20,2 млн. тонна астық бастырылды. Бұл 2010 жылғы деңгейден гектарына 7,1 центнерге артық.