Ендігі жерде тұрғындар астаналық деген атқа лайық болуы керек - Елбасы

АНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ендігі елорда экономикалық капиал өсімінің белдігіне айналуы тиіс. Қазақстандағы өркендеудің көрсеткіші, қандай жаңалықтар болу қажеттігі бойынша елорда басқа қалаларға үлгі болуы керек.
None
None

Бүгін Астана қаласының алдағы даму жөніндегі сәулет-құрылыс кеңесі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астанада халықты емдейтін орталықтар бар. Жастардың білім алатын, спортпен айналысатын мекемелері жеткілікті. Халыққа олардың ойын-сауығына барлық жағдай жасалған. Бір сөзбен айтқанда, астанамыздың негізін қаладық. Яғни, елорда құрылысының негізгі шараларының бәрі бітті. Ендігі жерде тұрғындар астаналық деген атқа лайық болуы керек. Астаналықтардың жүріс-тұрысы да, мәдениеті де атына сай болуы тиіс», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар