Эндрю Шульц: «Головкинмен рингке шығу үшін Канело бойындағы ацтектердің қаны жеткіліксіз»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық сайқымазақ Эндрю Шульц өзінің твиттерінде Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль Альварес арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек туралы пікірін білдірді, деп жазды Sports.kz.
«Канелоның бойында ацтектердің қаны аз. Оның қызыл шашы мен сепкілі Головкинге қарсы шығуға кедергі келтіреді», - деген Шульц Головкин-Канело айқасы 2017 жылдың қыркүйегіне ауыстырылғанын қалжыңмен қағытқан.
Головкиннің кезекті қарсыласы Кіші Крис Юбенк немесе Хильберто Рамирес, Канело - Лиам Смит болуы мүмкін.