«Энеко тур» көпкүндігінің 4 кезеңін «Астана» велоклубының шабандозы жетінші боп аяқтады

АЛМАТЫ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Велоспорттан «Энеко тур» көпкүндігінің 5 кезеңі өтіп жатыр. Кеше жарыстың ең ұзақ 4-кезеңін «Астана» велоклубының шабандозы итальяндық Якопо Гуарниери жетінші боп аяқтады.

«Энеко тур»  көпкүндігінің 4 кезеңін    «Астана» велоклубының шабандозы жетінші боп аяқтады

Осыған қарамастан ол жалпы  жіктелімде үздік ондықтың қатарына ене алмады. Онда  Том Воонен көш бастап келе жатыр.

Голландия мен Бельгия мемлекеттері аумағында өтіп жатқан бұл дүбірлі дода 6 тамыз күні басталған болатын. Жексенбі күні мәреге жететін  аталмыш жарысқа 20 кәсіпқой велоклубтан 208 спортшы қатысуда.