«Энеко тур» көпкүндігінің алғашқы 2 кезеңінің қорытындысы бойынша «Астана» велоклубы 18-орында келеді

АЛМАТЫ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Велоспорттан Голландияда 6-тамызда жалауы көтерілген «Энеко тур» көпкүндігінің алғашқы 2 кезеңінің қорытындысы бойынша «Астана» велоклубы 20 команданың арасында 18-орында келеді.
None
None

Олар көш басындағы «Orica GreenEdge» командасынан 55 минутқа артта келе жатыр.

Жалпы есепте қазір жекелей сында аталмыш команданың велошабандоздары Йенс Кекелер, Себастьян Лангевельд, Свейн Туфт, Люк Друбридж, Йенс Морис үздік бестіктің қатарында тұр. 208 спортшының арасында  астаналықтардан Якопо Гуарниери 93-ші,  Танел Кангерт 94-ші, Дмитрий Груздев 95-ші, Симоне Понци - 96-шы, Евгений Петров  97-ші, Валентин Иглинский 114-ші, Дмитрий Муравьев 115-ші, Сергей Ренев 118-ші орында тұр.

Бұған дейін алғашқы кезең - 203,90,  екінші кезең -18,9 шақырым қашықтыққа созылған еді. Бүгін 188 шақырымдық үшінші кезеңдік сайыс өтуде. 7 кезеңге созылатын бұл байрақты бәсеке 12 тамызда Бельгияда мәреге жетпек.

Соңғы жаңалықтар