«Энеко тур» көпкүндігінің бірінші турында «Астана» велоклубының шабандозы мәре сызығын 9-болып кесіп өтті

АЛМАТЫ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше велоспорттан Голландия мен Бельгия аумағында өтетін «Энеко тур» көпкүндігінің 203,90 шақырымдық 1-туры өтті.
None
None

Онда кәсіпқой 20 велоклубтың 208 спортшысының арасында «Астана» велоклубының  итальяндық шабандозы Якопо Гуарниери  мәре сызығын 9-болып кесіп өтті. Бүгін Лимбург қаласында 18,9 шақырымдық 2-туры өтіп жатыр.

Жексенбіге дейін созылатын бұл дүбірлі додада «Астана» намысын 8 спортшы қорғауда. Олар қазақстандық Дмитрий Груздев, Сергей Ренев, Валентин Иглинский,  Дмитрий Муравьев,  эстониялық Танел Кангерт, ресейлік Евгений Петров және Якопе Гуарниеридің отандасы Симоне Понци.

Қазір турнир кестесінде  «Argos-Shimano» командасынан германиялық Маркел Киттел көш бастап келеді. 2-3 орында  «FDJ-BigMat» командасынан франциялық Арнауд Демаре мен ВМС командасынан американдық Тайлор Пинней тұр.

Соңғы жаңалықтар