Энергетика мамандары пәтерлерде жылу реттегіштерді заңсыз орнатқандарға айыппұл салады
Энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев арнайы құралдарды ПИК-тер мен «Астана-Теплотранзит» рұқсаты арқылы ғана пайдалануға болатынын хабарлады. Жылу реттеуіш құралды орнатпас бұрын аталған мекемелерді хабардар ету керек. Егер құрылғы сертификатталған болса, үйде гидравликалық қалып сақталса, органдар рұқсат береді. Олай болмаса, айыппұл салынады.
«Егер жылу реттеуіш заңсыз орнатылса, онда ол үйдің гидравликалық режимі бұзылады. Яғни біреуде жылы, біреуде суық болады. Оның салдары жүйеге желдің толуына әкеп соғады. Бүгін біз өкілетті орган болып табыламыз. Біз «Астана -Теплотранзит» АҚ, тұрғын үй инспекциясының мамандарымен келіп, аталған факт бойынша тексереміз. Тіпті айыппұл да саламыз. Айыппұл көлемі келген шығынға байланысты болады, - дейді Б.Жапаев.
Естеріңізге саламыз, 27 қыркүйек Астанада жылу маусымы ресми түрде біріле бастады. Ал жақында жылу беру мектептерде, балабақшаларда, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарында қосылды.
Жақында қалалық энергетика басқармасы елорда мектептерінің, емханаларының, мәдениет нысандарының жылу беру маусымына 100% дайындығын мәлімдеді. Көпқабатты тұрғын үйлер де жылу қабылдауға толығымен дайын.